Ссылки доступа

Түркіменстан "Шығыс-Батыс" газ құбырын іске қосты


Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхаммедов Түркіменстанда жаңа газ құбырының құрылысын аяқтау еуропалық әріптестермен ынтымақтастық орнатуға септесетінін мәлімдеді.

Бұл туралы ол 23 желтоқсанда Түркіменстанның Каспий теңізі жағалауындағы Белек ауылында "Шығыс-Батыс" газ құбырының ашылу салтанатында айтты.

"Шығыс-Батыс" газ құбыры Түркіменстанның шығыс облыстарындағы газ кеніштерін Каспий жағалауымен жалғайды. Құны 2,5 миллиард доллар болатын құбыр болашақта "Транскаспий" газ магистраліне қосылады деп жоспарланған.

Батыс Еуропа елдері қолдаған құбыр жобасы Каспий теңізінің мәртебесіне қатысты даудан және Ашғабадтың Каспий теңізі өнімін шетелдік компаниялармен бөлісу туралы келісіміге қол қоюдан бас тартуынан осы күнге дейін келісім күйінде қалып келген. Бердімұхаммедов елдің батыс өңірлеріндегі газға қолжетімділік "Транскаспий" газ магистраліне қосымша қуат беретінін айтты. "Шығыс-Батыс" газ құбыры аяқталса еуропалық серіктестерімізбен ынтымақтастығымыз жаңа мәнге ие болады" деді Бердімұхаммедов.

770 километрге созылатын "Шығыс-Батыс" газ құбыры Каспий теңізі жағалауымен Қазақстан арқылы Ресейге тартылуы мүмкін газ құбырына жалғануы да мүмкін.

XS
SM
MD
LG