Crude Accountability ұйымының фильмі Березовка ауылындағы 25 мектеп оқушысының жаппай улану оқиғасының бір жылдығына арналған. Жергілікті тұрғындар бұл жағдайды көрші орналасқан Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кен орнынан тарайтын улы заттармен байланыстырады.
Оқыс оқиғаға кінәлілер сол күйі анықталмады, балалар әлі күнге ауырады. Фильмде сөйлеген белсенділердің айтуынша, көп ата-ананың баласын емдетуге жағдайы жоқ. Газдан улану туралы жорамалды билік жоққа шығарады. Дегенмен шенеуніктер кен орны төңірегіндегі санитарлық аймақтың кеңеюіне байланысты Березовканың басқа жерге көшіру туралы шешім қабылдады.