АҚШ қаржы министрлігі жаңа шектеу шараларын Украинадағы қақтығысқа және Қырымды басып алуға қатысы бар ресейлік кәсіпорындар мен қаржы ұйымдарынаа қарсы қолданады. Қаржы министрлігінің сайтында санкцияға іліккен тұлғалар мен кәсіпорындардың тізімі жарияланды.
АҚШ тізіміне енген бірқатар жеке және заңды тұлғалар бұған дейін, Еуропалық Одақтың санкцияларына ұшыраған еді. АҚШ қаржы министрлігі бұл жағдай Ресейдің Украинаға қарсы әрекетіне берілетін трансатлант жауабының мызғымас бірлігін көрсететінін мәлімдеді.