Бұған дейін еңбек министрлігінің комиссиясы Ресейге визамен келетін шетелдік жұмысшыларға деген сұраныстың 20 пайызға – 214 мың адамға азайғанын мәлімдеген еді. Дегенмен,біліктілігі жоғары жұмысшы мамандарға сұраныстың әлі жоғары екендігі айтылады.
Ресейдің Федералды көші-қон қызметі экономикалық дағдарыс пен рубльдің девальвациясына қарамастан, Ресейге еңбек мигранттарының көп келетінін және 2015 жылы елге осындай 16 млн адамның келгені туралы хабарлады. Олардың көпшілігі ТМД елдерінің азаматтары.