Ссылки доступа

Архангельск облысында қанатты зымыран тұрғын үй шатырына құлады


News29 басылымының хабарлауынша, оқиға салдарынан үйде өрт болғанымен, адам шығыны жоқ.

Ресейдің қорғаныс министрлігі зымыранның белгіленген траекториядан ауытқып кетіп, Ненокс елді мекенінің жанына құлағанын, бірақ үйге түспегенін мәлімдеді. Хабарламада "оқиға салдарынан қандай да бір қираудың және зардап шеккендердің болмағаны" айтылады.

"Ресей қорғаныс министрлігінің полигонында өнеркәсіп мамандары (машина құрастыру ҒӨБ)қанатты зымырандарды сынаған. Оқыс оқиға салдарынан, ұшырылған зымыран белгіленген траекториядан ауытқып, Ненокс елді мекенінің маңында құлады", – деді қорғаныс министрлігінің өкілі.

Жергілікті "Правда Севера" жаңалықтар сайтының жазуынша, зымыранның бір бөлшегі үш қабатты кірпіш үйге құлаған, ғимаратта өрт болып, оны тез сөндірген. Үй тұрғындары шұғыл көшірілген. "Правда Севера" хабарласқан ТШМ өрт сөндірушілердің өрт сөндіруге қатысқанын растамады.

XS
SM
MD
LG