Ссылки доступа

Өзбек отбасы ресейлік шекарашылардың қателігінен Моңғолиялан шыға алмай қалды


Ресей шекарашылары елге өткізбей қойған өзбекстандық Маматқұловтар отбасы бір ай бойы Моңғолияның Баян-Өлгей қаласында тұрып жатыр.

Отағасы Ботирбек «Озодликке» («Азаттық» радиосының өзбек редакциясы) бұл оқиға ресейлік шекарашылардың қателігінен туындаса да, олар қателіктерін жөндеуге асықпай отырғанын мәлімдеді.

Ботирбек Маматқұловтың сөзінше, бар мәселе өз отбасы 2013 жылы желтоқсанның 4-де Ресейге келгенде ресейлік шекарашылардың Маматқұловтың әйелін Матқұлова деп жазып жібергенінен туындаған. Тіркеу мерзімін «жаңалау» үшін, Ресейден кетіп бара жатқанда өзбек отбасына Ресейге 2017 жылдың шілде айына дейін кіруге тиым салынған.

Ботирбек Маматқұлов Моңғолияда Баян-Өлгей қаласындағы қонақүйге тоқтағандарын хабарлады. Бұл қалада этникалық қазақтардың саны басым болғандықтан, отбасы мүшелеріне жергілікті тұрғындармен тіл табысу қиынға түспеген. Ресейдің Федералды көші-қон қызметі мәселенің мән-жайын анықтауға уәде беріп отыр.

XS
SM
MD
LG