Осылайша ресейлік қаржы, мұнай және әскери салаларға сонымен бірге, жекелеген азаматтарға қарсы мәжбүрлеу шаралары келесі жылдың шілденің 31-не дейін сақталуы мүмкін.
Германияның федералды канцлері Ангела Меркель Ресейдің Украинаға қатысты саясаты үшін салынған ЕО санкцияларын қолдайтынын мәлімдеді. ГФР Ресеймен жақсы қарым-қатынаста болуға тырысса да, "қағидаларымыздан айнымауымыз керек", - деді Меркель. Канцлер тиым-шектеулер тек минск келісімдері талаптары толығымен орындалғанда ғана алынып тасталатынын ескертті.
Санкциялар мәселесін ЕО жетекшілері желтоқсанның 17-18-де талқылауы мүмкін. Қазіргі мәжбүрлеу шараларының мерзімі 2016 жылы қаңтардың 31-де бітеді.