"Қазпочта" баспасөз қызметінің мәліметінше, марканың құны - 300 теңге, 5 мың данамен шығарылған.
Қазақстан ғарышкері Айдын Айымбетов ғарыш кемесінің командирі ресейлік Сергей Волков және борт инженері даниялық Андрес Могенсенмен бірге қыркүйекте "Союз ТМА - 18М" ғарыш кемесімен ХҒС-на ұшқан еді. Ресми мәлімет бойынша, сегіз күн ішінде ХҒС бортында ғарыштық мониторинг, ғарышқа ұшудың экипажға әсері және физика-техникалық сынақтар секілді оннан астам тәжірибе жасаған.