Бұл - әйелдерге дауыс беруге және үміткер ретінде қатысуға рұқсат етілген елдегі тұңғыш сайлау. Озық шыққан үміткерлер арасында ең ірі қаладан бастап, Меккенің төңірегіндегі шағын ауылдар секілді елдегі 10 өңірден шыққан әйелдер бар.
Сайлауға 1,35 миллион ер адамның қатысу мүмкіндігі болды, сайлау учаскелеріне олардың 600 мыңы келген. 130 мың әйелдің 82 пайызы немесе 106 мың нәзік жанды дауыс беру құқығын пайдаланған. Тек бірнеше әйел өңірлік кеңестерге өту мүмкіндігіне ие деп болжанса да, бұған дейін әйелдер сайлауға мүлдем қатыспаған ел үшін мұндай нәтиженің өзі үлкен серпін болмақ.