Шубиннің сөзінше шикізаттың басым бөлігін Башар Асадтың үкіметі сатып алған.
Лаңкестер өндіретін мұнайдың бір бөлігі ИМ қарауындағы аумақтарда орналасқан, тағы бір бөлігі сииялық курдтарға жеткізіледі, аз көлемі Түркияға сатылады — деді АҚШ қаржы министрлігінің өкілі. Ол сонымен бірге, ИМ мұнай сатудан айына 40 миллион доллар табатынын айтты.
«ИМ мұнайдың басым бөлігін Асад режиміне сатады. Олар бір-бірінің көзін жоюға ұмтылса да, әлі күнге дейін бір-бірімен миллиондаған долларға сауда жасайды»,- деді Шубин.
Оның пікірінше, лаңкестердің қаржы көздерін олардың инфрақұрылымын толық жойып және Түркиямен шекараны жауып қана тоқтатуға болады.
«Біз, бұл мәселеде Түркияның белсенді әрекет еткенін қалаймыз. Бұл жай қаржы мәселесі ғана емес — бұл шетелдік лаңкестердің жолын кесу, қару-жарақ пен қаржыландыруды тоқтатуды да білдіреді », — деді Шубин.
Ол сонымен бірге, заңсыз мұнай саудасынан бөлек, ИМ-нің өзге де табыс көздері бар екенін айтты. Мәселен лаңкестер Сирия мен Ирактағы банк қоймаларын тонап, 1 миллиард долларды қолды қылған.