Ссылки доступа

Алматының іресінде құлаған CRJ-200 ұшағы бойынша іс сотқа кетті


Қазақстанның Бас прокуратурасы бүгін 2013 жылдың қаңтарында Алматы облысында құлаған SCAT әуе компаниясының CRJ-200 ұшағына қатысты тергеу ісінің аяқталғанын хабарлады.

Тергеу орындары апатқа негізінен күрделі метеорологиялық жағдайда қателік жіберген ұшқыштардың әрекеті себеп болды деп санайды. Прокуратураның хабарламасында "ұшақ бортының компьютерінде жерге жақындап келе жатқаны туралы дабыл белгісі берілген соңғы минуттарда жұмыс істеу қабілетінен ішінара айырылған ұшақ командирі ұшақты басқармаған. Ал екінші ұшқыш құрылғылардағы мәліметтерді бақылаудың орнына, диспетчермен байланысқа шығуға әрекеттенген" делінген. Тергеушілердің мәліметінше, ұшақ капитаны апаттан екі ай бұрын өзіне жасалған операциядан кейін тексеруден және айығу шарасынан өтпеген.

Ұшақ экипажы мүшелерінің үстінен қозғалған қылмыстық іс «олардың өліміне байланысты жабылған». Ұшу жұмысын дұрыс ұйымдастырмағаны үшін, SCAT компаниясының ұшу қызметінің директоры қылмыстық жауапқа тартылады.

SCAT әуе компаниясының Көкшетау – Алматы бағытындағы ұшағы 2013 жылы қаңтардың 29-да Алматы әуежайына жақын Қызыл Ту ауылының маңында құлады. Әуе апатынан 16 жолаушы және бес экипаж мүшесі қаза тапты.

XS
SM
MD
LG