Манучеҳр Амонов денсаулығының нашарлап кеткеніне шағымданады. Ол екі ай бойында тар бөлмеде, ылғал, цементтің үстінде жатқанын айтады.
Панджакент тұрғындарының айтуынша, оларды басында шекараны бұзғаны үшін соттамақшы болған, бірақ бір ай өткен соң, депортациялауға шешім шығарған.
Манучеҳр 21 қазанда Зарафшон өзенінде балық аулап отырған жерінен ұстап әкеткенін айтады.
“Екі адам келді де, ешнәрсені түсіндірместен Өзбекстанға қарай алып кетті” – дейді Манучехр.
Оның сөзінше, Саразмға жақын Зарафшон өзенінің жағасы – бұл Тәжікстан аумағына жатады. Олар көрші елдің шекарашылары келіп, ұстап алып кетеді деп еш ойламаған. Әрі олар өзбек шекарашылардың өздерін соққыға жыққанын да айтты.