Оның сөзінше, ұлттық валютаны тұрақтандыру мен экономиканы долларсыздандыру үш бағыт бойынша жүзеге асады. Олар — макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, шетелдік валюталарға ұлттық валюта үстемдігін орнату. Көлеңкелі капиталды қысқарту және төлем карталары бойынша қаржы айналымын дамыту.
Еске сала кетейік, жыл басынан бері Қырғызстанда доллар бағамы 29%-ке өскен. 2015 жылдың басында бір доллар бағамы 58,8 сом болса, қазір – 76 сом.