Омбудсмен орынтағына үміткер оған қырғыз депутаттарының 46-сы дауыс берсе, 69 депутат қарсы дауыс берген. Осылайша, бейсенбі күні парламент елдегі адам құқықтары жөніндегі уәкілді сайлай алмады.
Омбудсмен лауазымына депутаттық фракциялардан 8 үміткер шыққан. Оның екеуі – Әтір Әбдрахматова мен Гулгакы Мамасалиева екінші турға өткен. Дауыс беру нәтижесінде үшінші кезеңге Әбдрахматова шыққан.
Заңға сәйкес, енді омбудсменді сайлау 30 күн ішінде орын алуы тиіс. Бұл жолғы сайлауға қатысқандар енді үміткер бола алмайды.