Ссылки доступа

АҚШ елшісі: Қырғызстан әйел мен бала құқығын қорғауда жетістіктерге жетуде


Қырғызстан әйелдер мен балалар құқығын қорғауда жетістіктерге жетіп жатыр. Осылай деп АҚШ-тың Қырғызстандағы елшісі Шейла Гуолтни Халықаралық адам құқығы күнінде мәлімдеді.

«2012 жылы Қырғызстан парламенті қалыңдық алып қашқандарды жазалауды арнайы заңмен қатайтты. Заң қабылданғаннан кейін, қыз алып қашу азайды. Әйелдерге зорлық-зомбылық көрсету көрсеткіші де кеміді. Бұл заңның қабылдануы мен орындалуы өзге елдерге үлгі бола алады» - деді мәлімдемесінде дипломат.

Гуолтни сонымен бірге «Сезім» дағдарыс орталығының адам құқықтарын қорғауда нәтижелі істер көрсетіп жатқанын атап өтті. Оның сөзінше, көптеген зорлық-зомбылық көрген әйелдер мен балалар «Сезім» орталығынан көмек алып келеді.

Шейла Гуолтни АҚШ елшілігінің арнайы бағдарламасының көмегімен Қырғызстан әйелдері әлеуметтік және экономикалық тәуелсіздікке қол жеткізді, енді олар елдің дамуына өздерінің үлестерін қосады деп атап өтті.

XS
SM
MD
LG