ІІД баспасөз хатшысы Салтанат Қаракөзова Азаттыққа хабарлағандай, жас жігіттің өз-өзін өртегені туралы ақпарат 7 желтоқсан күні Түркістан қаласы ішкі істер басқармасына түскен. Студент өзін үйінде өртеген. Денесінің 90 пайызы күйікпен ауруханаға жеткізілген.
Қаракөзованың сөзінше, студент қазір ауруханада жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл оқиғаға қатысты «Өз-өзін өлтіруге дейін жеткізу» деген Қылмыстық кодекстің 105-бабы бойынша тергеу ісі жүріп жатыр. Полиция оқиғаның жай-жапсары анықталуда дейді.