Сонымен бірге орынсыз бақылаудың радикалдану мен экстремизмнің тууына жағдай жасайтыны туралы да пікір айтылды.
Ташкенттегі «Билим карвони» («Білім керуені») мемлекеттік емес ғылыми-білім беру мекемесінің директоры Фарход Толипов мемлекеттің діннен бөлінуіне қатысты еуропалық тәжірибенің өңірде тұралап қалғанын, өйткені Орталық Азияда мемлекеттің діннен бөлінудің орнына мемлекеттің діни ұйымдардан алшақтап кетуі байқалатынын мәлімдеді.
Сонымен бірге Қырғызстан мен Қазақстанда Тәжікстан және Өзбекстанға қарағанда салафиттік ағымның қатаң бақылауға түспегені айтылды. Қырғызстандағы дін істері жөніндегі Мемлекеттік комиссия директоры Орозбек Молдалиев бір ғана тиым салумен мәселенің шешілмейтінін,ағартушылық жолды таңдау қажеттігін айтты.
Соғыс және бейбітшілік институты ұйымдастырған конференцияға қатысқан діни сарапшылар, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстаннның мемлекеттік орган өкілдері радикалдану қаупін төмендету мен бұл құбылыстың алдын-алу бойынша ортақ ұсыныстар жиынтығын әзірлеуді мақсат еткен болатын.