Бұл талапты «Құмтөр» кәсіподағының төрағасы Авазбек Кожакматов ұлттық валютаның соңғы жылда АҚШ долларына шаққанда бірден 34%-ға құнсызданып кетуімен түсіндіреді. Қазір «Құмтөрде» істейтін жұмысшылардың 80%-ның банктерде доллармен алған несиесі бар.
Сонымен бірге хата кәсіпорынның түпкі өнімі – алтынның америкалық валютаға сатылатыны, ал жұмысшыларға жалақының соммен төленетіні, нәтижесінде жұмысшылар еңбекақысының нақты құнының төмендеп кететіні мен компания табысының өскені туралы жазылған.
Кәсіподақтағылар бұл талаптардың негізі бар әрі әділетті деп санайды. Қазір кәсіпорын әкімшілігі мен кәсіподақ арасында келіссөздер жүруде.