Нидерландының солтүстік-батысындағы Хоорн қаласындағы Вестфрис мұражайы өкілдерінің хабарлауынша, шілде айында елдің Киевтегі елшілігіне келген екі ер адам Голландия билігіне 27 суретті сатып алуды ұсынған. Олар суреттер топтамасын Украинаның шығысындағы вилладан тауып алғандарын айтып, суретті қайтару үшін 5 миллион евро талап еткен. Бұл – суреттердің 2005 жылы ұрланған тұсындағы тең жарты бағасы.
Делдал есебінде тартылған сарапшы суреттердің нашар сақталуына байланысты олардың қазіргі құны 500 мың евродан аспайды деп санайды. Мұражай директоры Ад Гирдинк көркем туындыларды Голландияға қайтару әрекеті іске аспаса, олар қара базарда сатылып кетуі мүмкін деп ескертеді.