Бұл ақпарды билік орындарындағы дереккөз жақында «Ирактағы Ислам мемлекеті» тобынан қашып, тәжік билігіне берілген куәнің сөзіне сүйеніп таратқан. Оқиға куәгері Тәжікстанның құқық қорғау органдарына жараланған тәжік полковнигі Гулмурод Халимовпен бір пәтерде тұрғанын айтқан.
Оның сөзінше, Гулмурод Халимов басынан және аяғынан жараланғандықтан оның денсаулығы едәуір сыр берген.
Халимов 1975 жылы Варзоб ауданында туған, Тәжікстандағы азамат соғысы кезінде президент гвардиясында қызмет етті. Жоғары білім алған соң Тәжікстан ІІМ жұмыс істеп, сержанттан арнайы жасақ командирі, полковник шеніне дейін өскен, АҚШ пен Ресейдің элиталық күш құрылымдарында тәжірибе жинақтаған.
Тәжікстанның Бас прокуратурасы мамырдың 28-де ерекше мақсаттағы арнайы жасақтың бұрынғы командирінінің үстінен үш бап бойынша іс қозғады. Оған мемлекетке опасыздық жасады, қылмыстық ұйымдарға қатысты және өзге мемлекеттердің аумағындағы әскери қақтығыстар мен әскери іс-қимылдарға заңсыз қатысты деген айып тағылған.