Бұл туралы Қырғызстанның Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Әрбір қатысушы IT индустрия саласында алғашқы қадам жасайды. Акцияның негізгі мақсаты — қазіргі бизнес саласындағы болашағы зор кәсіпті таңдауға үйрету.
Шара аясында миллиондаған мектеп оқушысы бір сағат уақытын тек бағдарлама жасауға арнайды. Оларға білікті IT мамандары, дизайнерлер ақпараттық технология әлемін үйретеді.