Ол істе әділ тексеру болмай, бұрмалаушылық орын алды деп есептейді.
15 ай бойында тергеу изоляторында отырған Әбдішев айыптаулардың барлығы екі арызданушының негізінде ойдан, өсектен және болжамдардан құрылған деп мәлімдеді.
Ол сонымен бірге жарыссөз барысында ешкімге залал келтірмегенін, Қарағанды әкімдігінің азаматтық іс бойынша арыздануға құқығы жоқ екенін, себебі заңды тұлға болып есептелмейтінін айтты.
Істің басты айыпталушысы — бұрынғы Қарағанды облысының әкімі, бұрынғы қорғаныс министрі және премьер-министр Серік Ахметов. Ол пара алды деп айыпталып, 2014 жылдың қараша айынан бері үйқамақта отыр.