"Неге біздің ер адамдардың көбі жұмыссыз бола тұра, үнемі әйелдер жұмыс істесін деп талап етеді", деді Исфахан уағызшысы аятолла Сейед Юсеф Таботабаи-Неджад.
Оның мәлімдеуінше, ислам елдерінде ер азаматтар әйелдерін қамқорлығына алып, қамтамасыз ету керек.
Ол президент Роханиді әйелдерге жұмыс істеткізіп, саясатқа тартып жатыр деп айыптады. Аятолланың сөзінше, отбасындағы айырылысудың бірден-бір себебі әйелдердің жұмыс істеп, тәуелсіз болуы деп санайды.