Губернаторға шабуыл бүгін таңертең, ол қызметке кетіп бара жатқан кезде жасалған деп хабарлады Йемен қауіпсіздік қызметі.
Сауд Арабиясының қолдауына сүйенген Йемен үкіметінің әскері биыл жазда Аден қаласын шиит көтерілісшілері - хуситтерден азат еткен. «Ислам мемлекеті» экстремистік тобы мен «Араб түбегіндегі әл-Қаида» ұйымы Йемендегі жанжалды осы елдегі өз позицияларын нығайту үшін пайдалануға тырысып келеді.
5 желтоқсанда Аден қаласында жасалған шабуылдан сыртқы әскери барлау полковнигі Акил әл-Ходр мен «Әл-Қаида» содырларына үкім шығарған судья Мохсен Алван қаза тапқан.