Тізімге 5 мыңға жуық тәжік есімі енеді екен. Комитет өкілі Абдурахим Зулфонияннің айтуынша, қазір ел арасында жиі кездесетін жайсыз естілетін және қабылдауға жат есімдер тізімнен алынып тасталады.
Алдын Тәжікстанның әділет министрлігі азаматтардың хал актілері жөніндегі заңға өзгерістер енгізіп, есімдерге "молда", "халифа", “төре”, ”қожа”, “шейх”, "әмір" деген қосымшалар қоюға тыйым салуын ұсынған. Себебі бұл қосымшалар қоғамға жік салады дейді.