Ссылки доступа

АҚШ: Калифорнияда атысты ұйымдастырғандар – Пәкістаннан шықанндар


28 жастағы Саид Фарукпен АҚШ-тың Оңтүстік Калифорниясындағы Сан-Бернардино округінде атыс ұйымдастырған 27 жастағы Ташфин Маликтің пәкістандық паспорты болған. Ол Құрама Штаттарына келіншегіне виза алу үшін келген екен.

Федералды барлау бюросының Лос-Андежелестегі директорының орынбасары Саид Фаруктың АҚШ азаматы екенін, көптеген халықаралық сапар жасағанын, 2014 жылдың шілдесінде Ташфин Маликпен бірге АҚШ-қа оралғанын айтады. Олардың мақсаттары — атыс ұйымдастыру болған.

Сан-Бернардино полиция басшысы қаскүнемдер 65-тен 75-ке дейін оқ атқан, қара түсті киім киінген, жақсы қаруланған дейді.

Фаруктың үйіне тінту жүргізген кезде, 3 мыңға жуық оқ, 12 қолдан жасалған жарылғыш зат тапқан.

Нәтижесінде мүгедектер орталығында 14 адам қаза тауып, 21 адам жараланған. ФББ мұның террористік акті екенін жоққа шығармайды.

XS
SM
MD
LG