Ауғанстанның бірінші вице-президентінің баспасөз хатшысы Султан Файзидің айтуынша, Мансур ауруханаға жатқызылған, тірі қалды ма, белгісіз. Алайда тәліп өкілі Забехулла Муджахид бұл оқиғаны жоққа шығарады.
Мансур шілде айында "Тәлибан" лидері болып жарияланған. Осыдан кейін Мансурдің билікке келгенін қаламағандар бөлініп кеткен.