Ссылки доступа

Тәжікстан доллардың көтерілуіне қарсы қытай валютасын пайдаланып жатыр


Тәжікстанның Ұлттық банкі америкалық доллардың өсуін ұстап тұру үшін айналымға 1 миллион юань енгізгенін мәлімдеді.

Бұл жөнінде 2 желтоқсанда парламентте мәжіліс депутаттары алдында Ұлттық банк төрағасы Жамшед Нурмухаммадзода мәлімдеді.

Оның сөзінше, аталған шара Қытайдан тауар әкелуші кәсіпкерлерге ақшаларын бірден қытай валютасына айырбастауға мүмкіндік береді.

Үстіміздегі жылдың қыркүйек айында Тәжікстан мен Қытай тәжік кәсіпкерлері үшін сомониді бірден қытайлық юаньге айырбастау жөнінде келісімге келген. Келісімге сәйкес, қытай тарапы алдағы үш жылда Тәжікстанға 3 миллиард 177 миллион юань бөледі (шамамен 500 миллион доллар).

XS
SM
MD
LG