Ссылки доступа

Тәжікстан парламенті сайттарды шектеуді заңдастырды


Тәжікстан парламенті "Терроризммен күрес жөніндегі" заңға өзгерістер мен түзетулер енгізу жөніндегі заң жобасын мақұлдау арқылы антитеррорлық операция кезінде телефон және интернет байланыстарын шектеуді заңдастырды.

Енді елдің ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті интернет пен телефон байланыстарын үзуге заңды түрде рұқсат алды.

Парламент депутаты Хайрулло Суфиев заң жобасына енгізілген өзгерістер антитеррорлық операция кезінде ақпараттық салаға кедергі келтіре алмайды деп мәлімдеді.

Осыған дейін Тәжікстанда арнайы операция барысында интернет байланысын үзу тәжірибесі орын алған. Сонымен бірге бірқатар жаңалықтар сайты мен әлеуметтік желілерге де тосқауыл қойылған болатын.

XS
SM
MD
LG