24 қарашада сот отырысы кезінде айыпталушыдан жауап алмақ болған. Бірақ прокурордың келмеуі себебінен тыңдау кейінге қалдырылған.
Тергеу ісі бойынша, бұрынғы шенеунік кәсіпкерге 94 миллион теңгенің жұмысын атқарғаны жөнінде жалған актіге қол қоюды талап еткен.
52 жастағы Малік Еснияз болса Азаттыққа өзіне тағылған айыпты мойындамайтынын айтты. Ол бұл қызметке 2013 жылдың тамыз айында тағайындалған, қылмыстық іс қозғалғаннан кейін қызметінен кетті.