Ақмола облысының орталығында күн жылығаннан соң, көк тайғақ бола бастады. Сол себептен білім беру мекемелері сабақты тоқтатқан деп хабарлайды ақпараттық агенттіктер.
Күн райының бұзылуынан Ақмола облысында көлік қозғалысына шектеу қойылған. Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе, Павлодар облыстарының кейбір аудандарына да қою тұман басқанына байланысты көлік қозғалыстарына шектеу қойылған.