Ссылки доступа

Тәжікстанда атышулы генерал Назарзодадан кейінгі кадрлық өзгерістер


Тәжікстанда қорғаныс министрінің бірінші орынбасары, вице-министрлер және елдің қарулы күштерінің әскери барлау штабының басшысы қызметтерінен алынды.

Тәжікстанның қорғаныс министрлігіндегі кадрлық өзгерістерді қыркүйек айында орын алған бұрынғы қорғаныс вице-министрі Абдухалим Назарзода ісімен байланыстырады.

Сонымен бірге Душанбедегі Исмоили Сомони ауданы, Куляб қаласындағы Рудаки, Восе, Рушон аудандарының ішкі істер органы басшылығында жаңа тағайындаулар болды.

Биліктің мәлімдеуі бойынша, бұрынғы қорғаныс вице-министрі Абдухалим Назарзода соңғы бес жыл бойында әскери төңкеріс жасауды жоспарлаған. 4 қыркүйекте құқық қорғау органдарына шабуыл жасаған. Кейін арнайы операция барысында Рамит шатқалында шабуылды ұйымдастырғандардың көздері жойылған. Бұл қақтығыста ондаған адам қайтыс болған. 140 адам ұсталған.

XS
SM
MD
LG