Ішкі істер министрі Мелис Турганбаевтың өзі жедел іздестіру тобын ұйымдастырып, оны тікелей қадағалауына алған. Мұнан басқа ІІМ қылмыскерлердің жасырған жерін хабарлаған азаматқа 1 млн сом сыйақы берілетіндігі де хабарланды.
Еске сала кетейік, Бішкектің Октябрь ауданы ішкі істер департаментінің учаскелік инспекторы, 26 жастағы Актилек Абдувалиев 19 қарашада кешкісін қылмыскерлер қолынан қаза тапты.
Алдын ала мәлімет бойынша, Абдувалиев екі ер азаматты құжаттарын тексеру үшін тоқтатқан. Бірақ олар қарсыласып, қару қолданған. Қару қолданғанға дейін ол әріптестерін көмекке шақырып үлгерген.