Жер сілкінісінің ошағы — Ош облысының аумағы. Алдын ала мәліметтер бойынша, құрбан болғандар мен қираған нысандар жоқ.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметі бойынша, 17 қарашада жергілікті уақытпен23:29 шамасында Ош облысының Кара-Суй ауданы, Ийрек ауылынан 10 шақырым қашықтықта жер сілкінісі болған. Жер асты дүмпуінің күші 7 балл болған.