Ссылки доступа

Қырғызстан премьер-министрі елдегі қауіпсіздікті күшейтуге тапсырма берді


Қырғызстан премьер-министрі Темир Сариев Францияда орын алған терактіден кейін 14 қарашада күштік құрылымдардың басшыларымен жиналыс өткізген. Бұл жөнінде Азаттыққа үкімет басшысының баспасөз хатшысы Бакыт Асанов хабарлаған.

Оның сөзінше, Сариев Парижде болған терактіден кейін елдегі қауіпсіздік шараларын күшейтуге тапсырма берген. Премьер-министр еліндегі барлық сауда орталықтары мен адам көп жүретін қоғамдық орындарды бақылауға алу жөнінде бұйырған.

13 қарашада болған Париждегі терактіден 132 адам қайтыс болып, 350-ден астам адам жараланған.

XS
SM
MD
LG