Ссылки доступа

Тәжікстанда болған снаряд жарылысынан ағайынды екеу қайтыс болған


12 қарашада Тәжікстанның Шулулу елдімекені Муминабад ауданында болған снаряд жарылысынан ағайынды екеуі қайтыс болған.

Олар — 49 жастағы Жамшед пен 32 жастағы Курбон Назаровтар. Жергілікті құзырлы орындар тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр деп хабарлайды ішкі істер департаменті. Соңғы мәлімет бойынша, жарылғыш заттың қайдан пайда болғаны анықталып жатыр.

Муминабад ауылының төрағасы Озоди радиосына (тәжік қызметі) қайтыс болған ағайынды екеудің тракторшы болып жұмыс істегенін айтқан. Оқиға олар тракторларын жөндеп жатқан кезде орын алған.

Ауылдың бірқатар тұрғындары ағайындылардың бір жыл бойы трактор салонында снаряд сақтап келгенін айтады. Бірақ олардың жарылғыш затты қайдан алғандарын ешкім білмейді.

Бұл оқиға бұл ауданда бірінші рет болып жатқан жоқ. Бұл аумақта ресейлік “Мумирак” 201 әскери базасы орналасқан. Алдын снарядтың жарылуынан балалар қайтыс болған. Ресми мәлімет бойынша, соңғы он жылда төрт адам қайтыс болып, сегізі жараланған.

XS
SM
MD
LG