Ссылки доступа

Қытай мен Түркіменстан "21 ғасыр жобасын" талқылайды


Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердымухамедов бүгін Қытайға ресми сапармен келді деп хабарлайды түркімен мемлекеттік ақпарат құралдары.

Сапардың басты мақсаты екі ел арасында газ құбырын салу болмақ. Халықаралық Түркіменстан — Қытай магистралды газ құбыры Өзбекстан, Қырғызстан, Қазақстан және Тәжікстан елдері арқылы өтпек.

Түркіменстандық мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдары бұл газ құбыры жүйесін "21-ғасырдың ең ірі жобасы" деп атауда.

Қытай бүгінде Түркіменстан табиғи газын негізгі сатып алушы ел.

XS
SM
MD
LG