Мәйітхана қызметкері Озоди радиосының (тәжік қызметі) тілшісіне Шоираның жағы сынғанын, желкесінде соққының іздері бар екенін, көзінің астары қарауытып кеткенін айтқан.
Марқұмның туыстарының айтуынша, Шоира үйінен 5 қарашада шығып, содан кейін оралмаған. Оның өлімі жайында тек ішкі істер органына хабарлағаннан кейін барып білген.
10 қарашада Тәжікстанның сыртқы істер министрі Сироджидин Аслов Ресейдің Тәжікстандағы Төтенше және Өкілетті елшісін қабылдап, Шоира Джобированың ісіне қатысты алаңдайтынын білдірген болатын.
201-ресейлік базаның офицері адам өлтірді деген айыппен тұтқындалған.