Орталық Азия елдеріндегі экономикалық күйзеліске қарамастан Қырғызстанда экономикалық өсім қаңтар, тамыз айларында 6,8 процентті құраған.
Ақпаратқа сәйкес, алтын өндіру 46 процентке өскен. Алайда соңғы айда алтын өндіру едәуір бәсеңдеген. Мұны аймақтағы валюта бағамының тұрақсыздығымен байланыстырады. Инфляция деңгейі тамыз айындағы көрсеткіш бойынша былтырғы жылмен салыстырғанда 10,5 проценттен 5,8 процентке азайған.