Ссылки доступа

Алматы облысында антитеррорлық жаттығу өтіп жатыр


Алматы облысындағы Көктал полигонында Қазақстан мен Қытайдың "Түлкі аулау – 2015" атты бірлескен антитеррорлық жаттығуы өтіп жатыр деп хабарлады Қазақстан қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Бірлескен жаттығу екі кезеңнен тұрады. Алғашқы кезеңі қазанның соңында Қытайдың Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданындағы "Қорла" оқу орталығы базасында өткен. Онда екі ел әскерилері шекаралас аудандарды "шартты терроршылардан тазалап, олардың көзін жою" машығын жетілдірген деп хабарлайды министрлік.

Жаттығудың екінші кезеңі 5 қарашада Көктал полигонында жалғасты. Көршілес екі ел әскерилері бұл жолы "заңсыз қарулы құрылымдардың көзін жоюға" жаттығады.

XS
SM
MD
LG