Адвокат әзірге айыптау қорытындысын көрмегенін айтады. Алайда Vimpelcom-ның Өзбекстандағы коррупциялық істеріне байланысты болуы мүмкін деп пайымдайды. Бұл істі Өзбекстан президентінің қызы Гүлнар Каримованың ісіне байланысты АҚШ-тың әділет министрлігі жүргізіп жатыр.
Лундердің өзі Vimpelcom директорлығынан 2015 жылдың наурызында кеткен болатын. Ол басшылық еткен компанияның ТМД елдерінде, Италия және Азия мен Африканың бірқатар елдерінде телекоммуникация саласында үлестері бар.
2013 жылғы желтоқсан айының көрсеткіші бойынша компания абоненттерінің саны 220 миллионға жеткен.