Кездесу барысында бүгінде Қазақстанда жүзге жуық франсуз компаниясы жұмыс істейтіні айтылған.
Астана мен Франциядағы іскер адамдар арасындағы келісім негізінен уранды Францияға жеткізу, автокөлік өнеркәсібі, сумен жабдықтау, қалдықтарды кәдеге жарату және басқа бағытта болған.
Назарбаев Қазақстан экономикасындағы негізгі активтерді сатып алуға қатысуға шақырды. Оның ішінде таулы- металлургиялық кәсіпорындардың мемлекеттік үлесі, мұнай өндіру саласы, энергетика, көлік, байланыс және инфрақұрылым нысандары кіреді.