Ссылки доступа

Вашингтон А-321 апатының себебі теракті екенін жоққа шығармайды


Ақ үй баспасөз хатшысы Джош Эрнест 5 қарашада Вашингтонда өткізген брифингте АҚШ ресейлік А-321 ұшағының Египетте апатқа ұшырауының себебіне қатысты нақты шешім шығарған жоқ, бірақ теракті екенін жоққа шығармайды деді.

Алдын Си-Эн-Эн телекомпаниясы АҚШ барлау қызметіндегі ақпарат көзіне сілтеме жасап, ұшаққа бомба қойылуы мүмкін деген хабар таратқан. Египеттегі "Ислам мемлекеті" террористік ұйымының бөлімі "Когалымавиа" компаниясына тиесілі ұшақ апатын өздерінің жауапкершіліктеріне алған болатын.

Ресей және Мысыр билігі апат себептерін тексерудегі ресми нәтижесін күтуге шақырады.

XS
SM
MD
LG