Ссылки доступа

Белоруссия ұлттық валютасын деноминациядан өткізбекші


Белоруссия президенті Александр Лукашенко 2016 жылдың 1 шілдесінде ұлттық валютаны деноминациядан өткізу жөнінде (ірілендіру) жарлыққа қол қойды. Бұл жөнінде президенттің баспасөз қызметі хабарлаған.

Жарлыққа сәйкес, 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін 2000 жылдың үлгісі бойынша шыққан ақша 2009 жылы шыққан банкноттың және монеталардың үлгісіне айырбасталады.

Белоруссиялық банкноттың жаңа дизаины "Менің елім - Белоруссия" деген ұранға сәйкес келмекші. Бұл жөнінде елдің Ұлттық банкі хабарлап, 2016 жылдың 1 шілдесіне дейін айналысқа енетін бірден-бір банкноттар 2000 жылғы үлгідегі валюталар екенін атап өтті.

XS
SM
MD
LG