Ссылки доступа

Қырғызстан экономкасының айтарлықтай бөлігі мигранттар ақшасынан құралады


2015 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында мигранттар Ресейден және Қазақстаннан Қырғызстанға1,4 миллиард доллар қаржы аударған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 28 пайызға азайған. Бұл жөнінде экономика вице-министрі Данияр Иманалиев мәлімдеді.

Оның сөзінше, Қырғызстан Еуразиялық экономикалық одаққа кіргелі бері экономикалық дағдарысты айтарлықтай сезінбеген.

Алдын хабарланғандай, 2015 жылдың алғашқы тоқсанында Ресейде және Қазақстанда жүрген мигранттардың аударған ақшасы 33 процентке төмендеген.

Сарапшылар мұны Ресейдегі экономикалық қиындық пен рубль бағамының төмендеуімен байланыстырады.

Ресей нарығы Қырғызстаннан келген мигранттар үшін өте маңызды. Ол жақта жүрген мигранттардың Қырғызстанға аударған ақшасы елдің экономикасына айтарлықтай қолдау білдіреді екен.

XS
SM
MD
LG