Көптеген дәрігерлер мен мұғалімдер жаңа оқу жылы басталар кезде, еңбек ақылары көбейеді деп үміттенген. Бірақ жұмыс сағаттарының қысқарып, ақшаларының да кемитінін күтпеген еді.
Алайда министрлік еңбек ақыларының қысқарылуын экономикалық дағдарыспен байланыстырмайды. Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілі Саломуддин Юсуфи Азаттыққа (Тәжік қызметі) берген сұхбатында мекеме қызметкерлерінің жұмыс сағаттарын қысқарту арқылы сұранысы көп аймақтан кадрлар санын көбейтуді жөн көрдік деді.