Оның сөзінше, мұндай шаралар үкімет құрылымын оптимизациялау үшін қажет. Министрлік саны 14-тен 12-ге дейін азаяды. Екі мемлекеттік комитет пен 2 холдинг құрылады.
«Энергетика министерлігі жойылады. Оның орнына холдинг құрылады. Біз сонымен бірге мемлекеттік мүлікті басқаратын қорды жойып, орнына холдинг ашуды жоспарлап отырмыз. Мемлекеттік агенттік те 28-ден 24-ке дейін қысқарады», - деді Турсунбеков.