Анонимді ақпарат көзі бөлінген тәлибтер жаңа лидердің кандидатурасына көңілі толмай, өз орталарынан Мухаммад Расул Ахунд молданы таңдаған. Қозғалыстың бір мүшесі Ахунд «он жылдан бері Омар молданың сенімді адамдарының бірі болған» деген.
Омар молданың өлімінен кейін тәлибтердің бір бөлігі «Ислам мемлекеті» террористік ұйымына қосылған.