"Менің өмірде алға қойған, өзіме айқын міндетім көп, бірақ олардың арасында билікке бару жайлы мақсат жоқ" деп жазған ол.
Бұған дейін интернеттегі кейбір хабарларда халықаралық ЮНЕСКО ұйымындағы Өзбекстан елшісі әрі "Сен жалғыз емессің" қайырымдылық қорының негізін қалаушы Лола Каримова-Тилляева әкесі Ислам Каримовтің орнын басуы мүмкін деген болжамдар айтылған еді.
77 жастағы президент Ислам Каримов Өзбекстанда соңғы 25 жыл бойы билік басында отыр.
Биыл наурыздың 29-ы күні өткен Өзбекстан президенті сайлауында, ресми мәлімет бойынша, сайлаушылардың 90 пайызы оны қолдап, Каримов президенттікке кезекті рет сайланған.