Ресми расталмаған мәлімет бойынша, ол Бішкек медресесінде оқыған 23 жастағы Баткен облысында туып-өскен Аскарбек Андабаев болуы мүмкін.
Алты минөттік видеожазбада әртүрлі ұлттан құралған ондаған ер азаматты көруге болады. Қару ұстаған олар Ресейдің Сириядағы әрекетін айыптайды. Олардың ішінде қырғызша сөйлеген жас жігіт де болған.
Андабаевтың Султан есімді туысы Аскарбектің Бішкекте медреседе оқып жүріп, Сирияға кетіп қалғанын естіген.
Таяуда интернетт танкіге отырып, жылап тұрған баланың 21 жастағы Қырғызстан азаматы Бабур Исраилов екені анық болған.